Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 07.08.2026 ж. - 04.09.2026 ж.

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде ҚР ДСМ 25.06.2024 №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың тамыз айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу  нәтижесі туралы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №21 санды 06.08.2026ж қаулысының орындалуын қадағалау мақсатында ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында тіркелген 07.08.2026ж 2623560000602014/00059, Махамбет аудандық СЭББ-ының №21 санды 07.08.2026 жылғы тексеруді тағайындау актісі негізінде жүргізілді.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ.

 

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.
  2. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 07.08.2026 ж. - 04.09.2026 ж.
  3. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Мырзагельдиева», «Айнара» ойыншық дүкені, ЖСН: 790616401115.
  4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында:
  5. Есек ойыншығы. Ойыншықтың атауы, ойыншықтар жасалатын ел атауы, импорттаушының атауы және орналасқан жері, өндірушінің сауда белгісі, бала жасын көрсететін пиктограмма немесе ойыншыққа арналған баланың ең төменгі  жасы,  шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық  мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі, таңбалануы қазақ, орыс  тілінде көрсетілмеген   №2260001068288965  31.07.2026 ж.
  6. «TAXI CITY» көлік ойыншығы. Өндіруші Қытай. Импорттаушының атауы және орналасқан жері, шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі,сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі көрсетілмеген №2260001068288941 31.07.2026 ж.
  7. «Butter» сквиш ойыншығы. Шығарылған күні, ойыншықтар жасалатын ел атауы, импорттаушының атауы және орналасқан жері, бала жасын көрсететін пиктограмма немесе ойыншыққа арналған баланың ең төменгі  жасы, Өндірушінің сауда белгісі, қызмет мерзімі немесе жарамдылық  мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі көрсетілмеген №2260001068288929 31.07.2026 ж.
  8. «Sweet rendezvous» ойыншық қуыршағы. Өндіруші Қытай. Импорттаушының атауы және орналасқан жері, шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі көрсетілмеген №2260001068288908 31.07.2026 ж.
  9. «Анюта» ойыншық қуыршағы. Өндіруші Қытай. Импорттаушының атауы және орналасқан жері, шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі көрсетілмеген №2260001068288884 31.07.2026 ж.
  10. «Talented Chef» ас үй ойыншығы. Өндіруші Қытай. Импорттаушының атауы және орналасқан жері, шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі көрсетілмеген №2260001068288868 31.07.2026 ж.
  11. «Аю» жұмсақ ойыншығы. ойыншықтың атауы, ойыншықтар жасалатын ел атауы, импорттаушының атауы және орналасқан жері, өндірушінің сауда белгісі, бала жасын көрсететін пиктограмма немесе ойыншыққа арналған баланың ең төменгі  жасы,  шығарылған күні, қызмет мерзімі немесе жарамдылық  мерзімі, сақтау шарттары, кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі, таңбалануы қазақ, орыс  тілінде көрсетілмеген  №2260001068288836 31.07.2026 ж.

Аталған өнімдердің қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылмады және өнімдердің өндірілуі, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болмады.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар: ЖК «Мырзагельдиева», «Айнара» ойыншық дүкені.
  2. Қабылданған шаралар: ЖК «Мырзагельдиева», «Айнара» ойыншық дүкеніне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1067278?lang=kk