Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қараудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 83-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарастырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Ішкі сауданы дамыту департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:
1) Жоспарда белгіленген мерзімдерде қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарастыруды;
2) Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Заң қызметі департаментіне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігінің
аппарат басшысы А. Каримов