Баспасөз релизі
2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасына
Әкімшінің атауы: 283 - "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ
Бюджеттік бағдарламаның атауы: 001 015 "Жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер".
Жобаның негізгі мақсаты:
Үш жылдық жоспарлы кезеңге мемлекеттік жастар саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ тиісті мекеменің толыққанды қызметін қамтамасыз ету.
2027 - 2029 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштер:
- Басқару аппаратын ұстау: Аппараттың қызметін қамтамасыз етуге: 2027 жылға - 54 430 мың теңге, 2028 жылға - 54 650,0 мың теңге, 2029 жылға - 54 908 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат 7 мемлекеттік қызметші мен 2 штаттан тыс қызметкерді ұстауға бағытталған.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: 2027-2029 жылдарға әлеуметтік жобаларды іске асыруға 496 200 мың теңге бөлінді. Осы қаражат шеңберінде 5 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар жастар бастамаларын қолдауға, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтендіруге бағытталған.
Баспасөз релизі
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасына
Әкімшінің атауы: 283 - "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ
Бюджеттік бағдарламаның атауы: 005 015 "Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру".
Жобаның негізгі мақсаты:
Үш жылдық жоспарлы кезеңге Жастар ресурстық орталығының қызметін толыққанды қамтамасыз ету арқылы жергілікті деңгейде жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру.
2027-2029 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштер:
- Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету: Ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз етуге: 2027 жылға - 90 705.0 мың теңге, 2028 жылға - 93 914.0 мың теңге, 2029 жылға - 93 773.0 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат орталықтың 14 штат бірлігі қызметкерлерін ұстауға бағытталған.
- Қызметі және түпкілікті нәтиже: Бекітілген бюджет шеңберінде жастарға арналған 6 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен акциялар өткізу жоспарланған. 2027-2029 жылдары тұрақты көрсеткішті - жыл сайын 6 іс-шарадан ұстап тұру жоспарлануда.