Жергілікті полиция қызметі – ішкі істер органдарының басты бағыттарының бірі.

Жергілікті полиция қызметі

 

Жергілікті полиция қызметі – ішкі істер  органдарының  басты бағыттарының бірі.

 

ЖПҚ міндеттері:

 

    құқық бұзушылықтар профилактикасы;

    қоғамдық тәртіпті сақтау;

    жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

    қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

 

ЖПҚ функциялары:

 

    құқық бұзушылықты жасауға алып келетін себептер мен шарттарды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

    ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;

    учаскелік полиция инспекторларының құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және жолын кесу жөніндегі жұмысын бақылайды және ұйымдастырады;

    ЖПҚ бөліністерінің кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі  жұмысын ұйымдастырады;

    ЖПҚ бөліністерінің азаматтық қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтайтын жерлерін тексеру жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;

    азаматтарды және еріктілерді ерікті түрде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдармен, еріктілермен және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты талдайды;

    жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасады, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте ерекшеленген азаматтарды және еріктілерді көтермелейді;

    маскүнемдікке, алкоголизмге, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асыру бойынша денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;

    оған бағынысты төмен тұрған ЖПҚ басшыларының және учаскелік полиция инспекторларының халық, әкім, мәслихат алдындағы жиынын, есеп беруін өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысының нәтижелерін зерделейді және талдайды;

    ЖПҚ басшысының жергілікті атқарушы, құзыретті органдар және халық алдындағы ЖПҚ қызметінің нәтижесі туралы есебін өткізу үшін материалдар дайындайды;

    азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олар бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/documents/details/1066566?lang=kk