«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылғы 30 шілдеде Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
- Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы.
Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:
- Надежда Вячеславовна Гриневичті жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы, Елена Николаевна Балобанованы жиналыс хатшысы етіп бірауыздан сайлау.
- Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы бойынша 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті түзету туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен бірлесіп бірауыздан мақұлдау.