АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың

жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

 

2026 жылғы қыркүйектің 11 күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды.

Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша стратегиялар мен портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/documents/details/1066511?lang=kk