«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылғы 14 шілдеде Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысын өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
2.2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Жітіқара қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы;
3.2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Жітіқара қаласы бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру туралы.
4.Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен Жітіқара қаласының бюджетін түзетуді келісу, қаражатты бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлу туралы.
Жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша ШЕШТІ:
- Надежда Вячеславовна Гриневичті жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы, ал Елена Николаевна Балобанованы жиналыс хатшысы етіп сайлау;;
- 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Жітіқара қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша жергілікті қоғамдастық өкілдерімен келісу;;
- 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Жітіқара қаласының бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың арасынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
- Жітіқара қаласының бюджетіне түзетулер енгізу және бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу мәселелерін жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу.