«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.
1. Шалқия кенті бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылған, оның ішінде 4-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша, Шалқия кенті бойынша барлығы 4- кандидат тіркелді, оның 4-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Төменарық ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылған, оның ішінде 3-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша, Төменарық ауылдық округі бойынша барлығы 3- кандидат тіркелді, оның 3-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
2. Тіркелген кандидаттар мен олардың жұбайларының тапсырған декларация құжаттарының анықтығын тексеру үшін мемлекеттік кірістер және арнайы тексеру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына тиісті құжаттары жолданды.
3. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды.
4. Ұсыну мен тіркеу кезінде аудандық сайлау комиссиясына өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Шалқия кенті әкімдігіне тіркелген кандидаттар:
Сабырханов Абдимаулен Кенесович-1974 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы-1972 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Шалқия кентінің әкімі, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Махмутжанов Абдигани Абилпаттаевич-1969 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Абдуллаев Бағлан Ерланұлы-1993 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Сунақата ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Төменарық ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар:
Аймбетов Бахытжан Набиханович-1981 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Төменарық ауылдық округінің әкімі, «Әділет» партиясының мүшесі, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында тқрады, өзін-өзі ұсынған.
Ералыұлы Ержан-1996 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қыдырбаев Асхат Ақжігітұлы-1991 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының персональды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы