Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2023 жылғы    30 маусымдағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Эталондық бақылау банкінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  жариялау;

2) осы шешімді оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

      Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1066007?lang=kk