«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 193/25 «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық
мәслихатының торөғасы Н. Макраев