Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан 28.08.2026 жылы шығыс № 24-34-25-04-02/1263-И қызметтік хат негізінде және Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасынан  13.08.2026 ж күні түскен № 25 шұғыл хабарламасы бойынша «Инфильтративный туберкулез легких в фазе распада МБТ- ЛЧТ ж/ж» диагнозымен анықталғаны тіркелді.  

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім). Сарапшылар тартылған жоқ .
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі. 31.08.2026 ж – 09.09.2026 аралығында тергеп-тексеру жүргізілді.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар. «Қазақстан темір жолы»  «ҰК»  АҚ- "Қызылорда   магистральдық  желі бөлімшесі»  филиалының, ПЧ-57 Қызылорда  жол дистанциясы
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар. Талаптар бұзылмаған.
  7. Қабылданған шаралар: жұмыс орнында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «Қазақстан  темір  жолы»  «ҰК»  АҚ- "Қызылорда   магистральдық  желі бөлімшесі»  филиалының, ПЧ-57 Қызылорда  жол дистанциясы жұмысшыларына «Туберкулез аурудың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді. Cанитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы  қаулы шығарылды.

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/documents/details/1065772?lang=kk