Ауыл шаруашылығы бойыншы ақпарат

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын жеке меншік малдарының ұрлықтан қорғауға қатысты іс-шаралардың іске асырылуын бақылау:

* Округ бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 6798 га егістік жерлерінің толық игерілуін және ауылшаруашылығы айналымының үлесінің арттырылуын қамтамасыз ету;

* Игерілмеген ауыл шаруашылығындағы жерлерді аудандық жер қорына қайтару жұмыстарының жүргізілуін қадағалау;

* Жеке меншік малдарының ұрлығының алдын-алу бойынша үш жақты келісім-шарт жасау.

Қабанбай ауылдық округі бойынша барлық ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 52429 гектар

оның ішінде:

* Егістік жер көлемі – 7721 гектар

* Жайылым жер көлемі – 39068 гектар

* Шабындық жер көлемі – 4640 гектар

* Өзге де жерлер – 1000 гектар

Елді-мекен жерлері – 4146 гектар

Конкурсқа қойылатын бос жерлер – 0

 

Округ бойынша мал басы:

Мүйізді ірі қара мал басы – 6741 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы  ірі қара мал басы саны – 2590 бас, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ірі қара мал басы саны – 4151 бас.

 

Ұсақ мүйізді мал басы саны (қой-ешкі) – 18190 бас.

Жылқы – 9975 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы жылқының саны – 805 бас, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жылқы саны – 9170 бас.

Шошқа – 241 бас.

Қабанбай ауылдық округі бойынша 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 47 жеке шаруа қожалықтар тіркелген.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/documents/details/1065490?lang=kk