Білім саласы

Білім саласы

    Жыланды ауылдық округі аумағында 3 негізгі орта мектеп, Жетісу облысының қарамағындағы 1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты жұмыс істейді.

          Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей интернатында 242 оқушы, даярлық сыныбында -7 оқушы , мұғалімдер саны -47. Қазіргі уақытта бұл мектеп  48 тонна сұйық отынмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.  "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 800000 теңгеге 36 оқушы мектеп киімі және оқу құралдармен қамтамасыз етілді.

      Көкжар негізгі орта мектебінде 40 оқушы, даярлық сыныбында -4 оқушы , мұғалімдер саны -15.  2 оқушы негізгі мектепті аяқтап, 1- еуі колледжге, 1-еуі 10 сынып оқуға кетті.   Қазіргі уақытта бұл мектеп 18 тонна көмірмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.Көкжар мектебінде "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 200000 теңгеге 20 оқушыға оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Жеке кәсіпкерлер 12 оқушыны киім-кешекпен қамтамасыз етті.

         Шынжылы негізгі орта мектебінде 31 оқушы, даярлық сыныбында – 3 бала, мұғалімдер саны – 14. Шынжылы мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 220 000 теңгеге 13оқушы мектеп киімі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Төңкеріс негізгі орта мектебінде 29 оқушы, даярлық сыныбында – 0 бала, мұғалімдер саны – 20.

«Диана құрылыс» дүкені тарапынан 2 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 70 000 теңге және 50 000 теңге, жалпы 120 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 Жыланды округінің әкімі тарапынан 2 оқушыға 50 000 теңгеден 100000 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, мектепте пән мұғалімдері   Айтбаева Арнагүл, Өміржанова Гүлнұр, Арыстан Балжан  – 6 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді.

 Жалпыға бірдей білім беру қорынан (ЖББ қоры) 15 оқушыға 508851 тенге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді.

Оқушылар білімді штаттық режимде алып жатыр. Қазіргі уақытта мектептер қатты отынмен толық қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/documents/details/1065199?lang=kk