Денсаулық сақтау саласы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық ауруханасы» МКҚК Қабанбай ауылы бөлімшесінің Жыланды дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері

Жыланды дәрігерлік амбулаториясы – ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңадан ашылған, заманауи талаптарға сай медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйым. Амбулатория өзіне бекітілген аумақтағы тұрғындарға профилактикалық, диагностикалық, емдік және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Жыланды дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері:

 

  1. Өзіне бекітілген аумақтың халқына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті амбулаториялық жағдайда және үйде көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  2. Тұрғындардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылау, ауруларды ерте анықтау, олардың асқынуы мен созылмалы түрге ауысуының алдын алу;
  3. Халық арасында аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
  4. Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға, созылмалы аурулары бар пациенттерге және медициналық бақылауды қажет ететін азаматтарға қажетті көмекті уақытылы көрсету;
  5. Күндізгі стационардың жұмысын ұйымдастыру, медициналық көрсетілімдер бойынша пациенттерді күндізгі уақытта қабылдау, емдеу және динамикалық бақылау жүргізу;
  6. Күндізгі стационарда пациенттерге дәрігердің тағайындауы бойынша емдік және диагностикалық шараларды жүргізу, медициналық процедураларды орындау және ем нәтижесін бақылау;
  7. Халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулермен және скринингтік зерттеулермен қамтуды ұйымдастыру;
  8. Жас ерекшеліктері мен нысаналы топтарға сәйкес онкологиялық, жүрек-қантамыр және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  9. Туберкулез және басқа да тыныс алу жүйесі ауруларын ерте анықтау мақсатында тұрғындарды флюорографиялық тексерумен қамтуды ұйымдастыру және флюорографиядан өту көрсеткіштерін бақылау;
  10. Скрининг және профилактикалық тексеру нәтижесінде ауруға күдікті немесе қауіп тобына жататын азаматтарды қосымша тексеруге, бейінді мамандардың консультациясына және қажетті емге уақытылы жіберуді ұйымдастыру;

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/documents/details/1065098?lang=kk