Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 221214 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 796 603,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 746 885,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 69 261,0 мың теңге;

негізгі  капиталды  сатудан түсетін түсімдер бойынша – 112 409,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 2 868 048,2 мың теңге;

2) шығындар – 7 279 705,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 617 116,6 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер –  855 678,6 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 238 562,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 100 218,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –1 100 218,4 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 6 523,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1065091?lang=kk