Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешімге қол қояды. Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын дайындайды;
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі көрсетілетін қызметті берушінің