1 тарау. Жалпы ережелер
Осы "жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет).
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер;
2) жер учаскесі-Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі-Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты-жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БМҚК АЖ) – жүргізу тәртібі "жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Заңында (бұдан әрі-жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заң)айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;