Ақпараттық жүйелерде қамтылған Дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және Мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) операциялық залдың қызметкері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;
2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы 2 (екі) сағат ішінде құжаттар келіп түскен күні мемлекеттік қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – БК) береді;
3) БК басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты қызметкерді 30 (отыз) минут ішінде айқындайды;
4) БК қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексереді және БМҚК АЖ Дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған кезде 4 минут ішінде жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру жүзеге асырылады, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа анықтамалықтар) ақпарат жинау жүргізіледі, кадастрлық есеп жүзеге асырылады жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру (бұдан әрі – жер учаскесі құнының актісі) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Сондай-ақ оқыңыз
07 Қыркүйек 2026
Камбоджа Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға Қазақстанның озық тәсілдерін қабылдауда
31 тамыз 2026
Қазақстанда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың жұмыс ережелері жаңартылды
28 Тамыз 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
19 тамыз 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл Қамысты ЖШС комплаенс-офицерімен профилактикалық кездесу өткізді
19 тамыз 2026
Қамысты ЖШС қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шара.
Барлық жаңалықтар
Әлеуметтік медиа
GOV.KZ
Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы
NITEC
Қазақстан Республикасының Конституциясы