Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік,
заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы
туралы есеп
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық пен құқықтық тәртіпті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралы» аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі бекітілсін.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына ұсынылсын:
1) мемлекеттік органдар басшыларының есептерін қарау практикасын жалғастыру;
2) комиссияның көшпелі отырыстарының жұмысын жандандыру;
3) аудандық мәслихатының сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына енгізілетін мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысу;
4) халықты комиссияның жұмысы туралы, өзінің депутаттық қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар арқылы үнемі хабарландыру.
- Осы шешім қабылданған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева