C
Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген
функциялар мен міндеттердің
орындалуы туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушының әкімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.
- Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушыға (Т.Б. Мұратов) ұсынылсын:
1) бағдарламалардың уақтылы орындалуын және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейту;
2) инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу және халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
3) бюджет қаражатын тиімді игеруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейту.
- Осы шешім қабылданған күнінен бастап өз күшіне енеді.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева