Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Үржар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Абай облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Турлыбековқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі А. Башимбаев