Қарабалық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының
Қарабалық ауданының Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Лесное ауылы, Өрнек ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеді:
Лесное ауылының сайлау округі бойынша:
Грибенюк Николай Валерьевич, 1984 жылы туған, «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы, Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Макшанов Василий Дмитриевич, 1971 жылы туған, «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Есенкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі, Қарабалық ауданының Лесное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Шишимбаев Серик Алтынбекович, 1977 жылы туған, «ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы, Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Өрнек сайлау округі бойынша:
Антропова Светлана Сергеевна, 1983 жылы туған, «Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қарабалық ауданының Михайловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Быкова Татьяна Викторовна, 1975 жылы туған, «Станционное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қарабалық ауданының Станционный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Прудникова Юлия Сергеевна, 1990 жылы туған, «Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қарабалық ауданының Приречное ауылында тұрады, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясымен ұсынылған.
Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы