"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) республикалық маңызы бар қалада, астанада - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы; |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Құжаттар қабылданған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні. |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетудің нысаны | Электрондық/ішінара цифрландырылған және қағаз түрінде. |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Маңдайша эскизін келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес (Астана қаласы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 07.30-дан 17.00-ге дейін; Алматы облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Шығыс Қазақстан облысы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Ақтөбе облысы 12.30-дан 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін; Алматы қаласы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін; Маңғыстау облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Жетісу облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Шымкент қаласы 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін); |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |